Физиотерапевттік бөлімше
Физио-бөлімшесінің телефоны: 66-07-34
Физиотерапевт дәрігері–Дамет Какимовна Билялова. 1990 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Педиатр дәрігері мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты иеленумен және физиотерапевт дәрігері мамандығы бойынша санаты иеленбеген сертификаттары бар. Еңбек өтілі – 31 жылдан артық.
Жоғары санаттыаға медбике – Бексеитова Жамал Бейсенқызы. 1982 жылы Павлодар медициналық училищесін бітірген. Еңбек өтілі 38 жыл.
Физио мейірбикесі–Раушан Канишевна Алькенева, Бексултанова Толқын.
Физиотерапевттік бөлімшесі ШЖҚ «№3 емхананың « Б» корпусының екінші қабатында орналасқан. Физиобөлімшесінің құрамына 11 кабинет кіреді, олар: ингаляторий, төмен жиілікті тоқтар, жоғары жиілікті тоқтар және сәулемен емдеу терапиясы, парафинотерапия кабинеті, уқалау кабинеті.
Бөлімшенің жұмыс уақыты дүйсенбіден – жұмаға дейін 8.00 – 18.00.
Бөлімшенің қазіргі заманға сай физиотерапевттік аппаратурамен сонымен қатар метриалдық-техникалық базасының жабдықталуы, емханалық науқастарға білікті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлімшеде физиоемдеудің келесі түрлері ұсынылған:
гальванизациялау және электрофорез;
импульсті электротерапия (диадинамотерапия, СМТ);
ультрадыбыстық терапия и фонофорез;
ультражоғары жиілікті терапия (УЖЖ, ЖЖ, индуктотерапия);
сәулемен емдеу (инфрақызыл, ультракүлгін, лазерді сәулелендіру және поляризацияланған шамды пайдалану);
парафино-озокеритолық емдеу;
аэрозольтерапия (ингаляциялар, ультрадыбыстық);
Емдік уқалау (классикалық, сегментарлы – рефлекторлық)
Емдік дене шынықтыру залы бар. Мынадай жаттығулардың түрлері пайдаланылады: жалпы нығайтатын, арнайы, тыныс алу, статикалық, динамикалық. Топтық, аз топтық, және жеке әдістері, тренажерларда, затты қолдану, қолданбау арқылы жаттығулар жасалады.