Квоталар

Қазақстан аумағында емделу үшін квотаны қалай алуға болады?

Осы бетте:

Квота алудың қадамдық нұсқаулығы

Республикалық  ауруханаға жатқызу  бюросы

Жолдама алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Медициналық ұйымның тұжырымдамасын негізге алатын денсаулық сақтаудың жергілікті органының қолдаухаты.
  • Ауыру тарихы (дәлірек, негізгі және қосалқы ауру-сырқаулықтың егжей-тегжейлі жазылған көшірмесі, науқастың зерттеу нәтижелері және емдеудің  тізімі)
  • Құжаттар көшірмесі, жеке куәлігі.

Осы құжаттар 3 күннен кешіктірілмей жұмыс органында болуы шарт, құжаттарды онда жеткізетін денсаулық сақтау басқармасы.  Тұжырымдама 7 жұмыс күн ішінде беріледі, егер науқастың қосымша зерттеулері қажет болған жағдайда, мерзімі 20 (жұмыс) күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Ұсынылған құжаттар негізінде, шешім он жұмыс күні аралығында комиссиямен беріледі. Аса басымдыларға жүкті әйелдер және де туыстық доноры бар органдар мен тіндерді ауыстырып салуды қажет ететін балалар мен науқастар болып табылады.
Қорыта айтқанда, барлығын ең көп болғанда 43 жұмыс күні ішінде білуге болады. Итого, все можно узнать максимум через 43 рабочих дня. Егер, жағдай шынымен шұғыл болғанда жиналыс кезектен тыс өткізіледі.

Қазақстан аумағында емделуге квота алу үшін, қажетті:

 1 Қадам—тұрғылықты мекенжай бойынша учаскелік дәрігерге жүгінуге немесе науқасты ауру-сырқаулығы бойынша ауруханаға жатқызу порталының электрондық кезекке қоятын арнайы мамандарға барып көріну тиіс.

Учаскелік дәрігерге (арнайы мамандарға) келер алдында өзіңізбен бірге:

— Амбулаторлық карточка

— Стационарлық емдеуге емдеуші дәрігердің ұсыныстары қажет

2 Қадам— Содан, учаскелік терапевт (арнайы маман) науқасты қажеттілігіне қарай толық тексерілуге жолдайды.

Маманның жолдамасы бойынша науқас ТЕГІН түрінде келесіні орындайды:

— қан анализі,

— несеп анализі

— рентгендік  түсірілімдер

— УДЗ……

Тексерілу шеңберін учаскелік дәрігер (арнайы маман) анықтайды.

3 Қадам — анализдердің және диагностикалау нәтижелерімен науқас қайта терапевт дәрігеріне келеді. Ол тіркеу нөмірін және науқас ауруының кодын жазумен стационарға жолдама береді.

4 Қадам — осы кезеңде емделуші өзінің кезегін күтеді. Анализдердің нәтижелері он күн аралығында жарамды болғандықтан заң бойынша емделуші, осы мерзім аралығында ауруханаға жатқызылуы тиіс. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей емделуші өз кезегін жарты жылға тақау күтеді.

5 Қадам — Науқастың кезегі жеткен кезде, медбике бұл жайында науқасқа алдын ала ескертуі тиіс.

 Республикалық ауруханаға жатқызу бюросы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тіркеу нөмірін алғаннан кейін, науқас емделуге жату үшін          ҚР ауруханаларындағы бос орындарды (төсек) өз бетінше, Республикалық ауруханаға жатқызу бюросының http://www.med-emer.kz/cdb/8/ веб-сайтында бақылай алады.

  Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі (на 2014 жылғы 11 сәуірдегі өзгертулер                  мен толықтырулар)

87-бап.  Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

 

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) денсаулық сақтау құқығына;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;

3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне;
4) медициналық көмектің сапасына;
5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

6) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;
7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына;
8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;
9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық саламаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.

 

88-бап. Азаматтардың құқықтары

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;
3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өздерінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;
5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетілімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;
8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;
9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;
11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтінішхат беруге;
2. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.
1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қарап-тексеру, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;

2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдер бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
2011 жылғы 05 шілдедегі . № 452-IV Заңына сәйкес 3 – тармағына өзгертулер енгізілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.
      Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2011 жылғы 05 шілдедегі . № 452-IV Заңына сәйкес 4 – тармағына өзгертулер енгізілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

4. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2013 жылғы 08 қаңтардағы ҚР № 64-V Заңына сәйкес бап 6- тармақпен толықтырылды. (2013 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді); 2013 ж. 15 сәуірдегі ҚР № 89-V Заңына сәйкес өзгертулер енгізілді.
6. Азаматтар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетілетін, денсаулық сақтау саласындағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.

 

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1 Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:
1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

3)  дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;
Ауруханаға жатқызу порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоспарлы стационарға жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын қараңыз.

4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;
5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;
6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.
3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс.

4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар.
5. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.
6. Егер медициналық апараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.

7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.
8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
10. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.
92-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

4) ) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
2. Осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.
93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

 1. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
3. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
      Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина қызметкері жүзеге асырады және оған қол қояды.
4. . Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

 

94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек  көрсету

1. Азаматтардың келісімінсіз:
      1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;
      2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;
      3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;
      4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.
2. Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде – медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерді кейіннен хабардар ете отырып, шешімді тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінде «§» өзгеруі.
2010 жылғы 29 желтоқсандағы ҚР № 375-IV Заңына сәйкес 3-тармағына өзгертулер енгізілді.
3. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.