Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, біздің медициналық ұйымда ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ  ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ  (Ішкі бақылау қызметі) құрылды.

Ішкі бақылау қызметінің міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзушылық фактілерін анықтау болып табылады

ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ

Осыған байланысты, егер Сіздер:

  • Медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлері ақша талап ету фактілері болған жағдайда;
  • Медициналық қызметкерлердің тарапынан өрескелдік қатынасқа тап болсаңыз;
  • Сондай-ақ егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты мәселелерге кез болсаңыз, Сіз ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.

 

        Объективтілік және ашықтық принциптерін сақтау мақсатында, Сіздің өтінішіңіз сіздің қатысуыңызбен комиссиямен қаралатын болады. Сізге ыңғайлы болу үшін, Сіз өтініш қағазды аты-жөніңізді, байланыс телефон нөмірлерін (телефон, мекенжай) көрсете отырып екі корпустың бірінші қабатында орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне қалдыра аласыз, сонымен қатар өзіңіздің өтінішіңізді pol3pvl@mail.ru емхана сайтында орналастыра аласыз.

ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, Сізге қарау нәтижелері жөніндегі ақпаратты бес күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.  Сіз мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 65-44-58, 65-44-52 немесе А корпусындағы ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ №339 кабинетіне баруыңызға болады. 

Емделіп жүрген пациенттермен, сондай-ақ олардың туыстары да шағымдануға толық құқығы бар.  Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына біздің емделушілердің қанағаттанушылық дәрежесін, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және өзекті мәселелерді анықтау мақсатында, біздің емделушілер мен олардың туыстары арасында сауалнама жүргізіледі.  Сауалнама Сіздің еркіңізбен, жасырын түрінде өткізіледі, сондықтан сауалнамада өз тегіңізді немесе мекенжайыңызды көрсету міндетті емес. Егер, Сіз сауалнамадағы сұрақтарға өз пікіріңізді дәлірек білдіретін жауаптарды таңдасаңыз және де біздің ұйымда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуда өз үлесіңізді қоссаңыз, біз Сізге риза боламыз.  

 

Емделушілерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі туралы

ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК

І. Жалпы ережелер

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, ШЖҚ «Қалалық перзентхана» КМК-да  ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ  ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ  (Ішкі бақылау қызметі) ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарының орындалуын бақылау, қаржылық-шаруашылық қызметінің, медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау, ішкі бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі мен жағдайына объективті баға беру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау мақсатында емделушілерге қолдау көрсету  және ішкі бақылау қызметі құрылды.

Емделушілерге қолдау көрсету қызметі әкімшілік корпусының 3 қабатында орналасқан «Сенім телефоны»: қалалық 65-44-58.

Сонымен қатар, емделушілер өздерінің жазбаша өтініштерін перзентхананың әрбір қабатында орналасқан «Шағымдар мен өтініштер үшін»  жәшігінде қалдыра алады және өтінішті жазып біздің www.pol3pvl@mail.ru сайтына жолдай алады.

  1. Бөлім құрылымы
  2. ЕҚҚ және ІБ басшысы
  3. сарапшы дәрігері
  4. БАҚ мониторингілеу бойынша маманы
  5. Эпидемиолог дәрігері
  6. Дәрілік бөлімшенің медбикесі
  7. заңгер
  8. кадрлар бөлімінің басшысы

ІIІ. Міндеттер

Сарапшының міндеттері:

  • жеке науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бақылауды жүргізу;
  • медициналық көмектің кемшіліктерін анықтау және олардың жеке науқастардың денсаулығына әсер ету дәрежесі мен пайда болу себебін белгілеу. 
  • Бақылаудың төмен деңгейінде жасалған, медициналық көмек сапасының қорытындыларын бағалау;
  • Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдалануды оңтайлы бағалау;
  • көрсетілген медициналық көмекпен азаматтардың қанағаттануын сұхбат, сауалнама арқылы зерделеу;
  • медициналық көмек сапасының көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу кезіндегі алынған қорытындының деректері;
  • көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру, туындаған медициналық көмектің кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсынымдарды басшыға дайындай;

БАҚ мониторингілеу бойынша маманның міндеттері (психологпен бірлесіп):

  • емделушілердің құқығы туралы және емделушілерге қолдау көрсету қызметінің енгізілуі (БАҚ, сайт) арқылы ақпараттандыру медициналық қызметкерлердің имиджін сақтап, оның көмегімен перзентхана мен науқас арасындағы кері байланысты ұйымдастыруға болады.
  • медициналық этика мен деонтология мәселелері.
  • жұмысы «командалық рухты және топтық бірлікті» құруға бағытталған.

Эпидемиологтың міндеттері:

  • құрылымдық бөлімшелерде санитариялық-эпидемиялық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • егу мен тамақтану, микробқа қарсы препараттардың дұрыс қолдану арқылы науқастарды қорғауға;
  • инвазиялық шаралар минимумға дейін келтіру арқылы эндогенді жұқпалардың қаупін азайту, сонымен қатар микробқа қарсы препараттардың ұтымды пайдаланылуына ықпал етуге;
  • жұқпаларды анықтау, олардың өршуіне бақылау жасауға;
  • медициналық қызметкерлердегі жұқпаларды алдын алуға;
  • науқастарға қарау тәжірибесін жетілдіру және қызметкерлерді үнемі оқыту;
  • Объектінің түрі мен құнын, зянсыздығын, олардың әсер ету спектірін ескере отырып, дезинфекциялық құралдарды оңтайлы таңдау жасау.

Дәрілік бөлім медбикесінің міндеттері:

  • Фармакоэкономический анализ в организации лекарственного обеспечения для рационального использования бюджетных средств на лекарственное обеспечение и их эффективное применение
  • Аудит жүргізу (мемлекеттік сатып алу бойынша, дәрілік қамсыздандыру бойынша және т.б.)

ІV. Қызметі

Емделушілерге қолдау көрсету қызметінің міндеттеріне (ішкі бақылау қызметі):

  • Медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау;
  • Жұмыс сапасын арттыру мақсатында перзентхана қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы Заңнамаларының сақталуын тексеру;
  • Перзентхананың стратегиялық және жедел жоспарларын жүзеге асыруды бақылауды іске асыру, нәтижелерді бағалау.
  • Бұзушылықтарды анықтауда және болдырмау үшін шаралар қолдану, туындаған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдарды басшыға дайындай;
  1. Құқығы

Науқастар мен олардың туыстарының өтініштері мен шағымдарына қызмет сарапшылары қысқа мерзімде туындаған мәселелерді шешу үшін, бұлжытпай тез әрекет етуіне құрылымдық бөлімшелерден қажетті ақпаратты сұратуға құқығы бар.

    Ұйымның атауы Ұйымның толық атауы Орындаушының ТАӘ Орындаушының лауазымы Ұялы, жұмыс

телефоны

Электрондық поштасы
1     ШЖҚ

«Павлодар қ. №3 емханасы» КМК

 Павлодар қ.,

Украинская көшесі 38/2 үй

Керімбаева Гүлнар Еркебұлановна Бас  дәрігердің ішкі

аудит бойынша орынбасары ЕҚК және ІБҚ басшысы

87473709258 ұялы телефоны

65-44-58 кабинетінің телефоны ЕҚҚ және ІБҚ

65-44-50

Қабылдау бөлімінің телефоны

 www.pol3pvl@ma