Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі

Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету  және алдын-алу бөлімшесі,

Телефон: 66-07-36.


Бөлімше меңгерушісіЖаналинова Айслу Салимжанқызы. 1985 жылы Купинский медициналық оқу орнын бітірген. Еңбек өтілі — 34 жыл.


Психолог — Шалабаева Ольга Ермековна. 2006 жылы Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек өтілі — 5 жыл.


Психолог — Темиргалиева Алия Сагандыққызы. 2007 жылы Павлодар қаласындағы Иновациялық Еуразия университетін бітірген. Еңбек өтілі — 1 жылға жуық.


Психолог — Ауталипова Анар Дауренқызы. 2015 жылы Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек өтілі — 1 жыл.


Әлеуметтік қызметкерлер : Ботагөз Уаисқызы, Шарипова Сауле Қырықбесқызы, Рахимова айгерим мұратқызы, Асаинова Гүлжамал Сахвзадинқызы, Молдажанова Ғалия Тумырзинқызы.

Алдын-алу бөлімшесінің міндеттері

  • Халыққа қызмет көрсету және профилактикалық медициналық шаралар өткізу, денсаулық орталығымен және медициналық профилактиканың аумақтық орталығымен, медициналық ұйымның учаскелік дәрігерлерімен терапевтерімен профилактикалық қызметті келісу.
  • Денсаулық үшін түрлі қауіпті факторлардың әсерін азайтуға себеп болатын, салауатты өмір салты, ауруларды алдын алу, денсаулықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша, халықтың ақпараттық қамтамасыз етілу жүйесін қалыптастыруда қатысу.
  • Халықтың ерте өлім-жітімімен (бұдан әрі – созылмалы жұқпалы емес аурулар) мүгедектіктің басты себебі болатын, жұқпалы емес созылмалы аурулардың қауіп факторларын түзету бойынша (жеке және топтық  профилактикалық кеңес беру) медициналық көмекте және профилактикалық жұмыста заманауи ұйымдастырушылық технологияларды пайдалану. Медициналық ұйымда медициналық қызмет көрсетуде тұрған, халықтың диспансеризациялауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • Тұрғындарды және әртүрлі мақсаттағы топарды өзін-өзі бақылаудың нысандары мен әдістеріне, яғни халықтың оқыстан өлім-жітімнің басты себебі болатын , төтенше жағдайлардың дамуы кезінде іс-әрекет ережелерін сақтауға (жіті коронарлық ауруы, ми қанайналымының жіті бұзушылығы, оқыс жүректен қайтыс болу) және денсаулық сақтау технологияларымен мінез-құлықтың, физикалық жүктемемен денсаулық жағдайын қалыптастыру, жеке профилактика мен денсаулықты нығайтуда уақытылы жедел медициналық жәрдемді шақырту қажеттілігі жөнінде халықты оқыту.
  • Қоғамдағы икемсіздік пен жұмысқа деген қабілетінің жоғалуын, асқынулардың дамуын, олардың одан әрі өршуін, ауру-сырқаулық пен денсаулық жағдайында ауытқулардың дамуын алдын алу және салауатты өмір салтына деген уәждемені қалыптастыру.
  • Басқа аурулардың себептері бойынша диспансерлік бақылауды қажет етпейтіндер мен жүрек қан-тамыры ауруының жоғары және өте жоғары қауіпінде, қауіптің даму факторлары бар, созылмалы жұқпалы емес ауру-сырқаулықтың анықталмағандарға профилактикалық медициналық тексерумен диспансеризациялаудың нәтижелері бойынша денсаулықтың 2-ші тобына жататын азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізу.
    • Алынатын профилактикалық медициналық қызметтің сапасы мен көлемі, профилактикалық медициналық көмектің қажеттілігі, ауруды алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша қызмет көрсетілетін тұрғындар мен медициналық қызметкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу.
    • Профилактикалық, алдын алу және кезең сайын медициналық тексерулер жүргізу.
    • Қандағы глюкозаның құрамын анықтау.
    • Қандағы холестериннің барын анықтау.
    • Сауалнама жүргізу, бойын, салмағын, артериялық қан-қысымын өлшеу,  амбулаторлық науқастың талонын толтыру.

 

Бөлімше келесі функцияларды жүзеге асырады:

 

  • Оған тіркелген халық санынан дәрігерлік терапетік учаскелер қалыптастыру;
    санитарлық-гигиеналық білім мен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мәселелері бойынша кеңес береді;
  • Денсаулық мектептерін ұйымдастырып жүргізу, қауіп факторларымен әлеуметтік маңызды аурулар, аурулардың жасырын нысандарын ерте анықтау, ауру-сырқаулықты алдын алу және азайту бойынша профилактикалық шаралар өткізу;
  • Қызмет көрсетілетін дәрігерлік учаске халқының негізгі бөлігі ауруханадан тыс өліммен шартталады, ауру-сырқаулық пен жедел жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсетудің әдістерін науқастар мен олардың туыстарын оқыту, әлеуметтік маңыздылығы бар жұқпалы емес аурулармен және олардың пайда болуына жоғары қаупі бар тұлғалар үшін, мектептер ұйымдастыру және өткізу.
  • Қызмет көрсетілетін халыққа сауықтыру шаралардың қажеттілігін талдау және бағдарлама әзірлеп сол шараларды өткізу;
  • Терапевтік бейіннің созылмалы аурулармен науқастарды диспансерлік динамикалық байқау және есепке алуды жүзеге асыру;
  • Амбулаторлық медициналық көмек көрсетудің белгіленген стандарттарына сәйкес үйдегі стационарда, күндізгі стационарда және амбулаторлық жағдайда анықталған ауруларды емдеуді жүзеге асыру, терапевттік бейінді ауруды анықтау пәніне медициналық көмекке жүгінгендерді немесе олардың пайда болуының жоғары қаупі бар науқастарды тексеруден өткізу;
  • Терапевтік бейіннің ауру – сырқаулығы бойынша оперативті және эндоваскулярлы (интервенциялық) араласу немесе терапевтік бейіннің жіті ауруларымен ауырған тұлғаларға (реабилитация) қалпына келтіру мен емдеудің амбулаторлық кезеңін жүргізу. Дәрігер – мамандардың  ұсынымдарымен тұжырымдарына сәйкес науқастарға паллиативті медициналық көмек көрсету.
  • Науқастарға жіті ауруларда, жарақаттарда, улануда, басқа да жедел жағдайларда амбулаторлық жағдайда, күндізгі стационарда және үйдегі стационарда жедел медициналық көмек көрсету.
  • Науқастарды дәрігер-мамандарға кеңес алу үшін жолдау;
  • Медициналық ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелеріне және терапевтік бөлімшелерге стационарлық ем қабылдауға науқастарды іріктеу мен жолдауды жүзеге асыру; бекітілген тәртіппен иммунопрофилактиканы және індетке қарсы шараларды ұйымдастырып өткізу;
  • Медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру үшін, еңбекке тұрақты жарамсыздық белгілерімен жолданған науқастарды дәрігерлік комиссияға ұсыну, науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша сараптама жүргізу;
  • Санаторлы – курорттық емделуге медициналық көрсетілімдері бойынша науқастарды жолдау қажеттілігі туралы тұжырымдама беру;
  • Белгіленген тәртіпке сәйкес профилактикалық тексерулерді өткізуге, созылмалы ауру-сырқаулық бойынша диспансерлік есепте тұрған тұлғалар мен ересек тұрғындарды диспансеризациялауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
  • Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша және профилактикалық егудің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, қызмет көрсетілетін дәрігерлік учаскеде егуді ұйымдастырып өткізу;