«Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік» туралы ЕРЕЖЕ
«Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік» туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы” №221 Заңына сәйкес жасалды.
1.2. Осы ереже ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК-ғы азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы өтініштерді беру реті анықталады.
1.3. «Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік» (одан әрі – Жәшік) – ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК-да арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтініштердерді түсіруге арналған азаматтармен байналыстыратын канал. Жәшік ағаштан жасалған,шыны әйнектері бар, өлшемі -А4.
2. Жәшікті рәсімдеу және оны орналастыру
2.1. Жәшіктің алдында үлкен әріптермен жазылған “Азаматтардың өтініштеріне арналған” сөзі болуы керек. Жәшіктің жанында хатты жәшіктен алу кестесі және оның қарастырылу мерзімі туралы ақпарат болуы керек. Өтінішті ресімдеу үшін азаматтарға жағдай жасау керек (үстел, орындық, таза қағаздар, қалам).
2.2. Жәшіктер ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК-ның құрылымдық бөлімшесінде орналасқан (бірінші қабатта А мен Б корпустарында), барлығы 2 дана.
2.3 Жәшікке қағаз хаттардан басқа заттарды салуға тиым салынады.
2.4.Жәшіктер нығым бекітілгендіктен хаттарды рұқсатсыз алу мүмкіндігі шектелген.
3. Жазбаша өтініштерге арналған аталаптар және жәшіктерді толтыру
3.1. Өтініш берушілер өтінішті өз беттерінше ресімдеп, оны жәшікке түсіреді.
3.2.Өтініштер жазбаша өтініштерге арналған талаптарға сәйкес толтырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы” №221 Заңының 6-бабы “Жазбаша өтініштерге арналған талаптар”):
Өтініш мекемеге немесе лауазымды тұлғаға жіберіледі;
Жеке тұлғанын өтінішінде оны аты-жөні, қалауы бойынша әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілуі мүмкін;
Өтінішті тапсыру кезінде мекеменің атауы немесе лауазымды тұлғанын аты-жөні, өтініштің талабы мен себептері көрсетілуі керек;
Өтініште өтініш берушінің қолы болуы керек
Өтініш беруші өтініш жазған күнді көрсетуі керек
4. Жәшіктен хаттарды алу
4.1. Бас дәрігердің бұйрығымен хаттарды жәшіктен алатын комиссия мүшелері тағайындалады.
4.2. Хаттарды алу комиссия мүшелерімен күнделікті (хаттың түсуіне байланысты) жүргізіледі, кейін ол туралы сәйкесінше акт толтырылады.
4.3. Барлық жәшіктердің кілттері сапа бойынша бас дәрігердің орынбасарында болады.
5. Өтініштерді тіркеу және есепке алу
5.1. Жәшікке салынған хаттар мекен-жайдың дұрыстығына, дұрыс рәсімделуіне, толық әрі бүтін екендігіне, күні мен қолдың қойылғандығы тексеріледі.
5.2. Талаптарға сай келген өтініштер міндетті түрде қабылданып, тіркеледі, есеп алынады және қарастырылады.
5.3. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеген хаттарға 2 дана акт жасалады: бірінші данасы басқа да хаттармен тіркеліп, материалдарға тігіледі, екінші данасы көрсетілген мекен-жайға жіберіледі. Егер де хаттың кері мекен-жайы көрсетілмесе, өтінішті қарастыра алмау туралы акт жасалып Ішкі аудит және науқастарға қызмет көрсету қызметінде басқада хаттармен сақталады.
5.4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы” №221 Заңның “Жазбаша хаттарға қойлатын талаптар” 6-бабы бұзылған өтініштер қарастырылуға жатпайды, ол туралы сәйкесінше акт толтырылады.
5.5. Хаттар жәшіктен алынған күні арнайы журналға тіркеледі және оны одан әрі жүзеге асыру үшін бас дәрігерге ұсынылады.
6. Өтініштерді қарастыру мерзімі
6.1. Азаматтардың жазбаша хаттары “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы” Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қарастырылады.
6.2. Емделіп жатқан науқастардың өтініштері “Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес, он бес күнтізбелік күн ішінде жауап беріледі.