Қазақстан аумағында емделу үшін квотаны қалай алуға болады?
Осы бетте:
Квота алудың қадамдық нұсқаулығы
Республикалық ауруханаға жатқызу бюросы
Жолдама алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- Медициналық ұйымның тұжырымдамасын негізге алатын денсаулық сақтаудың жергілікті органының қолдаухаты.
- Ауыру тарихы (дәлірек, негізгі және қосалқы ауру-сырқаулықтың егжей-тегжейлі жазылған көшірмесі, науқастың зерттеу нәтижелері және емдеудің тізімі)
- Құжаттар көшірмесі, жеке куәлігі.
Осы құжаттар 3 күннен кешіктірілмей жұмыс органында болуы шарт, құжаттарды онда жеткізетін денсаулық сақтау басқармасы. Тұжырымдама 7 жұмыс күн ішінде беріледі, егер науқастың қосымша зерттеулері қажет болған жағдайда, мерзімі 20 (жұмыс) күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Ұсынылған құжаттар негізінде, шешім он жұмыс күні аралығында комиссиямен беріледі. Аса басымдыларға жүкті әйелдер және де туыстық доноры бар органдар мен тіндерді ауыстырып салуды қажет ететін балалар мен науқастар болып табылады.
Қорыта айтқанда, барлығын ең көп болғанда 43 жұмыс күні ішінде білуге болады. Итого, все можно узнать максимум через 43 рабочих дня. Егер, жағдай шынымен шұғыл болғанда жиналыс кезектен тыс өткізіледі.
Қазақстан аумағында емделуге квота алу үшін, қажетті:
1 Қадам—тұрғылықты мекенжай бойынша учаскелік дәрігерге жүгінуге немесе науқасты ауру-сырқаулығы бойынша ауруханаға жатқызу порталының электрондық кезекке қоятын арнайы мамандарға барып көріну тиіс.
Учаскелік дәрігерге (арнайы мамандарға) келер алдында өзіңізбен бірге:
— Амбулаторлық карточка
— Стационарлық емдеуге емдеуші дәрігердің ұсыныстары қажет
2 Қадам— Содан, учаскелік терапевт (арнайы маман) науқасты қажеттілігіне қарай толық тексерілуге жолдайды.
Маманның жолдамасы бойынша науқас ТЕГІН түрінде келесіні орындайды:
— қан анализі,
— несеп анализі
— рентгендік түсірілімдер
— УДЗ……
Тексерілу шеңберін учаскелік дәрігер (арнайы маман) анықтайды.
3 Қадам — анализдердің және диагностикалау нәтижелерімен науқас қайта терапевт дәрігеріне келеді. Ол тіркеу нөмірін және науқас ауруының кодын жазумен стационарға жолдама береді.
4 Қадам — осы кезеңде емделуші өзінің кезегін күтеді. Анализдердің нәтижелері он күн аралығында жарамды болғандықтан заң бойынша емделуші, осы мерзім аралығында ауруханаға жатқызылуы тиіс. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей емделуші өз кезегін жарты жылға тақау күтеді.
5 Қадам — Науқастың кезегі жеткен кезде, медбике бұл жайында науқасқа алдын ала ескертуі тиіс.
Республикалық ауруханаға жатқызу бюросы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тіркеу нөмірін алғаннан кейін, науқас емделуге жату үшін ҚР ауруханаларындағы бос орындарды (төсек) өз бетінше, Республикалық ауруханаға жатқызу бюросының http://www.med-emer.kz/cdb/8/ веб-сайтында бақылай алады.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі (на 2014 жылғы 11 сәуірдегі өзгертулер мен толықтырулар) 87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына: 1) денсаулық сақтау құқығына; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне; 3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне; 6) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;
88-бап. Азаматтардың құқықтары 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының: 2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдер бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі. 4. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар. 2013 жылғы 08 қаңтардағы ҚР № 64-V Заңына сәйкес бап 6- тармақпен толықтырылды. (2013 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді); 2013 ж. 15 сәуірдегі ҚР № 89-V Заңына сәйкес өзгертулер енгізілді.
91-бап. Пациенттердің құқықтары 1 Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа: 3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға; 4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге; 2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс. Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс. 4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар. 7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар. 1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа: 3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға; 4) ) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға; 1. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету 1. Азаматтардың келісімінсіз: |