Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-да ашық есіктер күні ұйымдастырылды.

Балаларды дамыту кабинетінде ата-аналармен дәрігерлер және психолгтар кездесті.
Педиатр дәрігер Қозыбаеа Айнаш Кауасовна ата-аналарға балалар жарақатының алдын-алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Жазғы демалыс кезінде баланы бақылау, қауіп-қатерден қорғау қиын. Бірақ шын мәнінде, егер ересектер балалардың әрекеттерін мұқият бақылап отырса, көптеген жарақаттар мен қауіпті жағдайларды болдырмауға болады. Айнаш Кауасовна балалардың терезеден құлауы тақырыбына ерекше назар аударды. Өйткені, ыстықтың басталуымен мұндай жағдайлар жиіледі.
Сондай-ақ, дәрігер қызылша, қызамық, полиомиелит және т.б аурулардың ықтимал салдары туралы айтып берді. Адамзат вакцинаның арқасында көптеген ауруларды жеңіп шықты. Алайда, ата-аналар екпе салдырудан бас тартқандықтан, бұл аурулар қайта оралды.
17 жасқа дейінгі балалар бұл күні есту қабілетін арнайы құрылғы арқылы тексере алды. Ал көру қабілетінің саулығы күмән туғызған кішкентай науқастарды балалар офтальмологы қабылдады.


You may also like...