Отбасы күні
Отбасы күні қарсаңында Жас аналар мектебінде ерекше жиын ұйымдастырылды. Мектеп үйлестірушілері оқу бағдарламасынан сәл ауытқып, жүктілік туралы ұсыныстардың орнына, жас аналармен Бақытты отбасы тақырыбында әңгіме қозғады.
«Әрбір әйел үшін отбасының рөлі ерекше. Сондықтан жақындарына қамқорлық жасай отырып, өздеріне аз көңіл бөліп жүреді. Алайда, бақытты отбасын құру үшін әйелге көп күш пен қуат қажет, ол үшін, ең біріншіден денсаулығы мықты болуы тиіс, міне, бұл ойды біз пациенттерімізге жеткізгіміз келеді, – дейді Жас аналар мектебінің үйлестірушісі Кристина Теміртасқызы Аужанова,- Әйел бақытты болса, отбасы да бақытты болады деп бекер айтылмаса керек».
🏥Сондай-ақ Кристина Теміртасқызы әрбір әйел жылына бір рет гинеколог дәрігердің қабылдауына келіп, скринингтік тексерулерден қалмай, міндетті түрде жүктілікке дейінгі дайындықтан өтіп, жұмыс пен демалыс тәртібін сақтау керектігін ескертті.