Азаматтардың өтініштерін қарау туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ереже:
Азаматтардың өтініштерін қарау туралы ереже, жеке, заңды тұлғалардың және ұжымның жазбаша өтініштерін тіркеу және оны қарастыру ретін анықтайды. Осы құжат, медициналық ұйымның қызметіне келіп түскен наразылыққа байланысты хаттардың ретін және олардың қағидаларын анықтайды.
Кәсіпорынға түскен арыздар екіге бөлінеді:
— Қызметкерлердің іс-қимылына науқастардың көңіл толмауы;
— Медициналық қызметтің сапасына.
Арыздарды қарау кезінде өтініш берушіге және арызға қатысты барлық құпиялылық, әділеттілік, уақытында қарастыру қамтамасыз етіледі.
- Арыздарды қабылдау және оларды тіркеу:
Келіп түскен арыз кіріс және шығыс журналында тіркеледі. Арыз берушіге міндетті жазбаша түрде арызды қабылдаған тұлғанын аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі. Өтініш осы мәселені шеше алатындай мекеменің атына немене лауазымды тұлғаға жіберілуі тиіс.
Жеке тұлғанын өтінішінде оның аты-жөні, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетілуі керек. Өтініш арызданушының қолымен немесе электронды цифралық қолмен расталуы керек. Арызды беру кезінде мекеменің атауы немесе лауазымды тұлғаның аты-жөні, арызданып отырған тұлғанын лауазымымен, аты-жөні, өтініштің талаптары мен себептері көрсетілуі керек.
- Қарастырылмайтын өтініштер:
- Қарастыруға жатпайды:
1) мемлекеттік органдарға жедел түрде қайта бағытталуға жататын қоғамға немесе мемлекетке төніп тұрған қауіпсіздік туралы немесе жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы ақпараттар көрсетілген жағдайлардан басқа, анонимді өтініштер;
2) сұрақтың мәні көрсетілмеген өтініштер.
- Егер өтініш жазуға негіз болған жағдайлар кейіннен қалпына келіп жатса, жіберілген қателіктердің орындары толтырылып жатса
4.Өтініштерді қарау мерзімдері:
Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
- Өтініштерді қарастыру:
Өтінішті қарау кезінде Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметінің қызметерлері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жаң-жақты және уақытында қарастырылуын қамтамасыз етеді. Бұзылған құқықтарды қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданылады.
Өтініштерді қарастыру кезінде Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметінің қызметкерлері ұсынылған ақпараттардың толық және нақты болуына жауапты. Өтініштер үшін Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметінің қызметкерлері жауапты.
Өтініш қарастырылып болғаннан кейін хаттама толтырылады. Хаттама мен материалдар (алғашқы құжаттар, түсініктемелер және т.б.) қолданылатын шараларды шешу үшін Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметіне, емдеу алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасарына және медициналық ұйымның басшысына ұсынылады.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша төменде көрсетілген шешімдердің бірі қолданылады:
1) өтінішті толық немене жартылай қанағаттандыру;
2) осы шешімді қабылдауға негіз болған негіздемелерді көрсету арқылы өтінішті қанағаттандырмау;
3) өтініштің мағынасына қарай түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарастыруды тоқтату туралы.
- Өтініш берушіге жауап беру.
Өтініштің жауабы мағынасына қарай мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде дәлелді түрде өтініш берушінің дәлелін растайтын немесе растамайтын нақты фактілері көрсетілген жауап болуыт иіс.
- Өтініш бойынша жұмыстың аяқталуы:
Нақты арыз бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін, мүдделі бөлімшемен Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметі осындай арыздардың қайталанбауына алдын алу бойынша түзететін және сақтандыратын іс-әрекетті өңдіру туралы шешім қабылдайды.
Арызды қарастырып болғаннан кейін Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметінің жауапты тұлғасы арыз бойынша есеп береді.
Жауапты тұлға арыздардың қайталанбауын алдын алу бойынша түзететін және сақтандыратын іс-әрекетті тексереді. Тексеріс аяқталғаннан кейін жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің орындалғаны (орындалмағаны) туралы белгіне есепте көрсетеді.
Ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметінің басшысы арыздар бойынша есепті тоқсанына бір рет жасайды, ол есепте көрсетіледі:
— түріне байланысты жалпы арыздардың саны;
— дәлелденген арыздар;
— арыздардың құрылымы.
Арыздар бойынша есеп жүйенің сапасын талдау кезінде және науқастардың қанағаттылығын және медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды жасау кезінде қажет.