Бүкіләлемдік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу күні аясындағы әйелдер денсаулығын қорғау он күндігі (16 мен 25 қазан аралығы)

Бүкіләлемдік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу күні аясындағы әйелдер денсаулығын қорғау он күндігі

(16 мен 25 қазан аралығы)

Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлкеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында 2017 жылдың 16-25 қазан аралығында Бүкіләлемдік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу күні аясындағы әйелдер денсаулығын қорғау он күндігі өткізілді.

Он күндік асында емханамызда осы кеселді ауру жөнінен ақпарат беретін ашық есік күндері болып өтті. Емделушілердің көбіне маммография рентгендік зерттеуіне жолдама берілді. Акция қатысушыларына сүт безі қатерлі ісігі мен оны ерте анықтауға қатысты ақпараты бар жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ, он күндік шеңберіндегі түсіндіру жұмыстары дәрігер қабылдаулары мен денсаулық бейінді мектептерінде де жүргізілді. Балабақша, мектеп пен емхана медициналық қызметкерлері үшін «Сүт безі қатерлі ісігі туралы не білу қажет?» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

IMG-20171016-WA0000

IMG-20171010-WA0003

IMG-20171010-WA0000


You may also like...