Кім және қанша төлеу керек?

МӘМС үшін кімдер және қанша төлеу керек?

2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.
1. Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Ең жоғары табыс – 40 ЕТЖ (2026 жылы ол 3 400 000 теңгені құрайды)
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін
2. Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары табыс – 20 ЕТЖ немесе 1 700 000 теңге
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін
3. Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)
4. Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)
Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге
💳 МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
• «Қазпошта» АҚ кассаларында
• екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
• төлем терминалдары арқылы