Мемлекет есебінен сақтандырылған 15 жеңілдікті санаттарға жататын азаматтар

Мемлекет есебінен сақтандырылған жеңілдікті санаттарға келесі азаматтар жатады:

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  • бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
  • мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
  • бала кезінен мүгедектігі барларға күтім жасаушылар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
  • жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • жұмыс істемейтін оралмандар;
  • қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
  • тергеу изоляторларындағы адамдар.

Егер сіз көрсетілген санаттардың біріне жататын болсаңыз, бірақ сақтандырылмаған болсаңыз, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, оларды уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну қажет. Барлық қажетті рәсімдерден кейін сізді женілдікті санатқа қосады, жарналарды сіз үшін мемлекет төлейді.