ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.
Вакциналарды өңірлер бойынша бөлу Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне кіретін басқа да вакциналар сияқты ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны сақтау мен тасымалдаудың барлық жолында иммунобиологиялық препараттар логистикасына және GMP және GDP, сондай-ақ «суық тізбек» стандарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз сақтайды.
QazCovid-in (QAZVAC) қазақстандық вакцинасының ерекшелігі, оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді және плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.
QazVac вакцинациясы екі кезеңде жүргізіледі, сондықтан вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамды вакцинациялауға есептелген. Ғылыми-зерттеу институтымен жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 млн астам доза түрлі вакциналарды, оның ішінде шет елдерге жеткізетінін атап өткен жөн.
QazVac вакцинасын Бірыңғай дистрибьютор хабтарына жеткізу 23 сәуірге дейін жүзеге асырылды, 25 сәуірдегі жағдай бойынша вакцина Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жөнелтілді, ал Шығыс Қазақстан облысына ол 26 сәуірден кейін келеді.
Белсенді емес вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирус негізінде жасалады.
QazVac – қазақстандық COVID-19 вакцинасымен вакцинациялау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі
Вакцинациялау алдында медицина қызметкері міндетті медициналық қарап-тексеруді жүргізеді – анамнез тексеріледі, дене температурасы, қысым өлшенеді, қарсы көрсетілімдер алып тасталады.
Вакцинациядан кейін вакцинацияланған адам медицина қызметкерлерінің бақылауында 30 минут тұруы керек.