КВИ-ға қарсы вакцинациялау кестесін өзгерту мәселесі бойынша

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес «Спутник V» вакцинасымен вакцинациялау кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл ретте осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу арасындағы интервал 45 күнді құрауы тиіс. Екінші компонентпен 45-ші күні вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне тұспа-тұс келу, басқа елді мекенге шығу және басқалары) екпені 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі. Вакцинация кестесіне қатысты бұл ұстаным профессор, РҒА академигі, Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры А. Гинцбургтың 2021 жылғы 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесіне негізделген. Аталған мәлімдемеге сәйкес «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін енгізу арасындағы интервалды ең аз ықтимал 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайтуға болады және интервалды ұлғайту иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді. Бұл халықты иммундауды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда интервалды ұзарту адамның иммундық реакциясының күші мен ұзақтығының артуына әкеледі. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қазіргі уақытта халықтың анағұрлым көп мөлшерін осы инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен қорғау мақсатында вакцинация процесін жеделдету қажеттілігі туындап отыр. Вирустың жаңа мутацияларының пайда болу ықтималдығын барынша азайту үшін халық арасында коронавирустың айналымын азайтуға бағытталған шаралар қабылдануда. Осыған байланысты, вакцинаны әзірлеушінің жоғарыда көрсетілген мәлімдемесінің негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник V» вакцинасының екі компонентін енгізу арасындағы интервалды ұзарту және бірінші компонентті енгізгеннен кейін 45-ші күні екінші компонентпен егу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа организмінің қарсыласуы төмен адамдарда интервалды ұлғайту иммунитеттің шиеленісінің жоғарылауына және иммундық қорғаныс ұзақтығының қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

©️  Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

 


You may also like...