Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесу

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесу

19 наурыз күні Павлодар қаласының №3 емхана қызметкерлерімен «Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленуші балалармен кездесу өткізді. Іс-шара білім беру мекемесінің қабырғасында өтті. Кездесудің негізгі мақсаты балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Емхана қызметкерлерінен алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.М. Рақышев және психолог З.Т. Канжигалинова сөз сөйледі. Медицина қызметкерлері балаларға салауатты өмір салтын жүргізудің негізгі принциптері туралы  айтты және бірнеше қызықты ойындар өткізді. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, өткізілген ойындарға  қатысты. Іс-шара соңында барлығын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады, ал балалар салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы оқуға уәде берді.

IMG-20180319-WA0015

IMG-20180319-WA0003


You may also like...