Елбасы күні аталып өтті

Елбасы күні аталып өтті

Павлодар қаласының №3 емханасы ұжымы кез келген мемлкеттік, ұлттық мейрамдарды өз деңгейінде атап өтуге тырысады. Бұл ретте Тұңғыш Президент күніне де назардан тыс қалмады. Мерекелік шараның шымылдығы Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Бұдан соң қарқынды әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы бар бірегей мемлекет моделін құрастырған, бәсекеге қабілетті елді дамыту мақсатында бойдағы бар қажыр-қайраты мен күш жігерін аямаған Ұлт көсемі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған қысқа метражды фильм көпшілік назарына ұсынылды. Көрермендер мерекелік шараны ұйымдастырған «Жастар денсаулығы орталығы» қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

P1130793

P1130799


You may also like...