Емхана туралы

ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК– Павлодар облысы бойынша ірі емдік-диагностикалық мекемелерінің бірі.

Мекеменің мақсаты – алғашқы медициналық-санитарлық, кеңестік– диагностикалық, стационар алмастырушы көмек түрінде халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Мекеменің міндеттері – медициналық көмек көрсетудің жоғарғы деңгейін сақтау, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін жетілдіру, ең жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету, диагностика мен емделудің инновациалық әдістерін және материалды-техникалық базаны енгізу, емханаға келушілердің жайлылығы мен ыңғайлылығына жағдай жасау.

Ұлт денсаулығы-мемлекет байлығы.Өркениет жолындағы елдің ертеңі- халықтың саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық. Халықтың дені сау болса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық байлық негізі. Медицина саласының қызметкерлері білімдерін, біліктіліктерін, күштерін халық игілігі үшін жұмсап, халықтың денсаулығын сақтау саласында аянбай еңбек етуде. Жөнге салынған жұмыс пен жоғары кәсіпқойлық, таңдаған ісіне деген сүйіспеншілігі, республика тұрғындарының жоғары нәтижелерге жету кепілі.


You may also like...