Жаппай вакцинация коронавирустың жаңа штамдарының таралуынан құтқаруы мүмкін – сарапшылар

 

Пандемия коронавирус өмір сүру үшін белсенді мутацияны бастаған кезде жаңа кезеңге аяқ басты. Осыған байланысты жаппай вакцинациялау жалғыз жолы болып табылады, деп ОКҚ базасында өткен «Covid-19-ға қарсы Вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» сараптамалық брифингіне қатысқан мамандар атап өтті.

Соңғы күндері республикада коронавирустық инфекция аурулары санының айтарлықтай өсуі байқалады, бұл үрдіс елордада ерекше байқалады.
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаеваның айтуынша, 30 маусымдағы жағдай бойынша елордада өткен және биылғы жылы коронавирустық инфекцияның 64 723 жағдайы тіркелген. Тәулігіне өсім 678 жағдайды құрады.

«Елордада бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды: бүгін коронавирусқа қарсы күреске төсек сыйымдылығы 2001 төсек болатын 14 қалалық стационар жұмылдырылды. Соңғы айда инфекциялық стационарлардың жүктемесі айтарлықтай өсіп, 75%-ды құрады. Коронавирустық инфекция диагнозы расталған стационарлық емде 1340 пациент, реанимацияда 119 адам бар», – деп атап өтті С.Атығаева.

Сонымен қатар, маманның айтуынша, осы жылдың сәуірімен салыстырғанда стационарға орта есеппен 10 жасқа кіші жас пациенттер түсе бастады, 30-40 жастағы пациенттер жиі ауруханаға жатқызылады. Сондықтан дәрігер өзінің денсаулығын ғана емес, жақындарының өмірін де қорғау үшін және вакцинациядан аулақ болу мүмкіндігін іздемеу үшін белсенді вакцинациялауға шақырды.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті вакцинацияға қарсы көрсеткіштерді атап өтті.
Вакцинаның әр нұсқаулығында вакцинацияға абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсетілімдері бар бөлім бар. Ең жиі қарсы көрсетілімдерге анафилактикалық шок немесе бұрын пациентте тіркелген Квинкенің ісінуі түріндегі ауыр аллергиялық реакция және вакцина компоненттерінің біріне аллергияның болуы жатады, деп атап өтті дәрігер.


You may also like...