Жол-көлік жарақатының алдын алу
Қазақстанда жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жыл сайынғы онкүндік басталды, оның мақсаты балалардың жарақаттануы мен жолдардағы өлім-жітімді азайту болып табылады.
ШЖҚ “Павлодар қ. № 3 емханасы” КМК айлық онкүндік шеңберінде келесі іс-шаралар өткізіледі: жас ата-аналарға арналған дөңгелек үстелдер өткізу, жарақаттанудың алдын алу бойынша семинар-тренингтер, медицина қызметкерлерімен “Жарақаттану кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету, жарақаттанудың алдын алу бойынша халықпен белсенді түсіндіру жұмыстары” тақырыбында семинар.