«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!»
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн». Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою Халықаралық күнін өткізу туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы өткізілді. 07.12.2018 жылы «Күштірек бол – зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында, артериялық қысымды өлшеумен, дене салмағының индексін анықтаумен, жастар денсаулық орталығынан терапевт, СӨС, психолог дәрігерін тарта отырып ашық есік күні өткізілді. «Қызғылт сары қолдар — балаларға, туған – туысқандары мен жақындарына мейірімді және шыдамды қарым-қатынас көрсетуге уәде береді» , «Көк қолдар – балалар мен жақындарына қатысты өзінің агрессивті мінез-құлқындағы өкінішті білдіреді» карточкаларымен пациенттер арасында сауалнама жүргізілді, 87% – дан астам қызғылт сары қолды таңдады.