Инсультқа қарсы күрес күні

Инсультқа қарсы күрес күні

Жыл сайын 29 қазан күні Дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес күні аталып өтіледі. Атаулы күннің тарихы 2004 жылдан басталады. Осы жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы инсультті “жаһандық эпидемия” деп жариялап, бүкіл дүниежүзілік қоғамды бұл ауру түрімен тез арада күресуге шақыру мақсатында  2006 жылы осы күнді «Дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес күні» деп белгіледі.

2016 жылғы 28 қазан күні біздің емханамызда Дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес күніне арналған «Ашық есік күні» өтті. Акция барысында жалпы тәжірибелік дәрігерінің, невропотолог дәрігерінің кеңесі ұйымдастырылып, адамдардың антропометриялық, артериалдық, көз іші қысымы өлшеніп, қан құрамындағы глюкоза, холестерин деңгейі анықталды.

2016 жылғы қазан айының 24 мен 28 аралығында №12, №18, №41 мектептерінде және №6, технологиялық колледждерінде инсультті алдын алу және инсульттің қауіп-қатерлі факторлары турасында педагогикалық құрам арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

P1070882

P1070960

P1070999


You may also like...