Коронавирустық инфекция бойынша пациентке арналған жадынама
1. Аса қатты қажет болмаса ҚХР-ға сапарлардан бас тарту қажет.
2. Шетелдік сапардан оралғаннан кейін, әсіресе ҚХР-ға барғаннан кейін респираторлық ауруды көрсететін симптомдар пайда болған жағдайда, сапар кезінде немесе одан кейін медициналық көмекке жүгіну немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекцияның таралу аймағына барғаны және болғаны және жұқпалы науқастармен ықтимал байланыс туралы хабарлау қажет.
3. Жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамау.
4. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың көтерілуі ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы бойынша маусыммен сәйкес келетінін ескере отырып, науқастармен ықтимал байланыста болған кезде, сондай-ақ медициналық ұйымдарға барған кезде әр 3 сағат сайын ауыстырумен бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану ұсынылады.
5. Жиі, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың ортасымен тікелей байланысқаннан кейін қолды жуу.
6. Ауру үй жануарларымен және/немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыс жасамау.
7. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыру, өзін-өзі емдеуге жол бермеу.
8. Тағаммен беру жолын болдырмау үшін тамақ өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу және көкөністер мен жемістерді жуу қажет.
9. Жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелу және түшкіру кезінде бір рет қолданылатын майлықтармен немесе мұрын орамалымен аузыңызды жабыңыз).
10. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарын (маска) пайдаланыңыз.