Короновирустық инфекциядан кейінгі оңалту
2020 жылғы 1 қарашасынан бастап емхананың оңалту бөлімінде пневмония және короновирустық инфекциямен ауырған пациенттер үшін оңалту жұмыстары басталды. 3 кезеңнен тұратын оңалтудан 80-ге жуық адам өтті. Барлық пациенттер сауығу динамиканың жақсаруын атап өтеді. Мәселен ентікпенің төмендеуі, әлсіздік жоғалып, психоэмоционалды жағдай жақсарады.
Оңалту курсына келесі ем-шараның түрлері кіреді:
– тұзды камера;
– оттегі коктейлі;
– тыныс алу гимнастикасы;
– магнитотерапия;
– биоптрон;
– кеуде омыртқасының емдік массажы;
– кардиожаттығулар;
– аяқт вибромассажы;
Сондай-ақ оңалту бөлімшесінде неврология, кардиология және травматология сияқты бейіндер бойынша пациенттермен жұмыс жүргізіледі. 2020 жылдың 11 ай ішінде бөлім мамандары 350-ден астам науқасқа көмек көрсетіп, өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай септігін тигізді.