Қызылшаның алдын алу
Қызылша
Қызылша-бұл қызудың көтерілуімен, коньюктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының,мұрын жұтқыншақтың және ас қорыту жолдарының катаральды қабынуымен сипатталатын вирустық инфекция.
Жұғу жолы
Ауа тамшысы.
Аурудың алғашқы белгілері
Алғашқы күндері температура көтеріледі және респираторлық құбылыстар пайда болады: құрғақ жөтел, мұрын, сондай-ақ бас ауруы, қабақтар ісінеді. 2-3 күні ауызда қызылшаға тән дақтар – жұқа қызыл жиегі бар ақшыл дақтар пайда болады. 4-5 күнде мойынға, бетке, құлаққа, одан әрі – денесіне, қолдарына және аяқтарына, саусақтарын қоса алғанда дақтар пайда болады.
Алдын алу шаралары
1.Егер сіз осы белгілерді байқаған болсаңыз, дереу дәрігерге қаралу керек, үйге шақырту керек.
2.Адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз.
3.Егер сіз немесе сіздің балаңыз жасы бойынша 1 жаста және 6 жасқа дейін егілмесе, онда қызылшаға қарсы екпе алыңыз.
4.Иммунитетті күшейтетін дәрумендер ішіңіз.
Дәрігер эпидемиологпен “Қызылша, белгілері, диагностика және емдеу» тақырыбына семинар өткізілді. Күн сайын қабылдауларда дәрігерлермен қызылшаның алдын алу бойынша пациенттермен әңгімелесу жүргізіледі. 17.01.19 “Алма” СҮ тұрғындар арасында қызылша ауруының алдын алу бойынша буклеттер, брошюралар таратылды.