ҰОС Ардагерлерін медициналық тексеру!
Жеңіс күні қарсаңында ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК қызметкерлерімен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, майдангерлерді және тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып медициналық тексеру жүргізу басталған. Бүгін де емхана қызметкерлері тағы бір ардагерге жан-жақты медициналық тексеру жүргізіп, кеңестер беріп қайтты. Біз күн сайын біздің ардагерлеріміздің ұлы ерлігін есте сақтауымыз керек, олар бізге Бақытты балалық шақ пен Бейбіт аспан сыйлады. Ардагерлеріміз аман болсын! Біз Сіздерге бас иеміз!