“100 КҮН- 100 СҰРАҚ” АШЫҚ ДИАЛОГІ
2022 жылғы 4 ақпанда сағат 16:00 – де “100 күн-100 сұрақ” жобасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың медициналық нарық қатысушыларымен, “Атамекен” ҰКП және үкіметтік емес сектор өкілдерімен онлайн кездесуі өткізіледі.
Кездесу тақырыбы:
“Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру. Kедергілер және оларды шешу жолдары”.
Барлық мүдделі тұлғаларды тікелей диалогқа және медициналық бизнесті дамыту мәселелерін ашық талқылауға шақырамыз.
Іс-шараға қатысу үшін ниет білдірушілерді Денсаулық сақтау министрлігіндегі жауапты тұлғамен байланысуды сұраймыз:
Жұмақұлов Қанат, тел. 74-36-62, k.zhumakulov@dsm.gov.kz