Халықаралық Мейірбикелер күні
Жыл сайын 12 мамыр – Халықаралық Мейірбикелер күні тойланады – бұл осындай қиын өмір жолын таңдаған барлық адамдарға жанкештігі және жанашырлықтары үшін “рахмет!” деп айтуға себеп болады. Осыған байланысты, 8 мамыр күні Павлодар қаласының №3 емханасында мейірбикелер арасында байқау өтті, оның барысында қатысушылар медицинадағы сауаттылықты ғана емес, шығармашылық пен тапқырлықтарын да көрсетті. Осы іс-шара соңында жүлделі сыйлықтар табыс етілді.