ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің «№45 мекемесінде» жазасын өтеушілер жоспарлы флюорографиялық тексеруден өтті.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелеріндегі адамдарды медициналық қамтамасыз ету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау министрлігіне берілгені туралы Жарлыққа қол қойды.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитетінің «№45 мекемесі» мекемесінің медициналық бөлімшесі ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-нің қарауына берілді.

Жаңа жылдан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің «№45 мекемесінде» сотталғандарды жоспарлы флюорографиялық тексеруден өткізуді ұйымдастырды. Ол үшін түзеу мекемесіне 23.01.2023ж.-25.01.2023ж. аралығында «Флюрокар» аппараты жеткізіліп орнатылды. Барлығы 500-ге жуық адам тексерілді, бұл сотталғандардың 100%-ын құрады», – дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің «№45 мекемесі» медициналық бөлімнің бастығы Г.М. Гимадиева.
Сондай-ақ, жаза өтеушілерді тексеру үшін емхананың уролог, травматолог, отоларинголог, невропатолог дәрігерлері жөнелтілді. Мамандардың ұсынымдары жоспарлы түрде №45 мекеменің медициналық бөлімшесінде жүзеге асырылады. Аталмыш мекеменің медициналық бөлімшесінде орындауға мүмкін емес ұсынымдарды, сотталғандар азаматтық секторда өтетін болады.

Президент Казахстана Касым -Жомарт Токаев подписал указ, согласно которому функции и полномочия Министерство Внутренних Дел в сфере медицинского обеспечения лиц, содержащихся в следственных изоляторах и исправительных учреждениях, передаются в Министерство здравоохранение.
Так в ведение КГП на ПХВ «Поликлиника №3 г. Павлодар» перешла медицинская часть исправительного учреждения «Учреждение №45» Комитета УИС МВД РК.
«С начала нового года КГП на ПХВ «Поликлиника №3 г. Павлодар» организовала плановое флюорографическое обследование осужденных «Учреждение №45» Комитета УИС МВД РК. Для этого в исправительное учреждение доставили «Флюрокар», где он был установлен с 23.01.2023г.-25.01.2023г. Всего обследовано около 500 осужденных, что составило 100% охват» – рассказывает начальник медицинской части «Учреждение №45» Комитета УИС МВД РК Гимадиева Г.М.
Также для осмотра осужденных был организован выезд узких специалистов поликлиники: уролога, травматолога, отоларинголога, невропатололога. Все рекомендации узких специалистов будут проводится в плановом порядке при медицинской части учреждения № 45. Рекомендации, которые провести при медицинской части учреждения №45 будет невозможно, осужденные пройдут в гражданском секторе.


You may also like...