Бүгін аяулы ана, тәжірибелі дәрігер, сыйлы әріптес– Төлеутай Мәдиқызының 70 жылдық Алтын тойы!
Төлеутай Мәдиқызы 1979 жылдан бері медицина саласында адал еңбек етіп, науқастардың жанына дауа, тәніне шипа болып, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жан.
Құрметті Төлеутай Мәдиқызы!
Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр — сырын үйретуден жалыққан емессіз.
Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой — беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!


Читайте также: