Халықаралық мейірбике күніне орай емхана қызметкерлері марапатталды.


Жыл сайын 12 мамыр күні Халықаралық мейірбике күні атап өтіледі. Медициналық мейірбике/аға – денсаулық сақтау саласында ең көп тараған қызметкерлер категориясы. Олар пациентті күтіп, дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, ота кезінде дәрігерге көмекші болып, құжаттаманы жүргізеді.
Халықаралық мейірбике күні – бұл адал еңбектері үшін мейірбикелерге алғыс білдіру үшін тағы бір мүмкіндік. Біз Сіздерге мықты денсаулық, шыдамдылық тілеп, мейірімділік пен жасаған жақсылықтарыңыз өздерңізге оралсын дейміз.
Бүгін Мейірбике күніне орай ШЖҚ «Павлодар қ. №3 емханасы» КМК басшысы А.Т.Отарбеков мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.
Адал еңбек пен пен кәсіби шеберлігі үшін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен:
1. Олеся Сергеевна Почебутова, №1 ОДО жалпы тәжірибелік мейірбике;
2. Ұлдана Амангельдыкызы Муратова, №1 ОДО ем-шара кабинетінің мейірбикесі;
3. Евгения Юрьевна Резникова, эндокринологтың мейірбикесі марапатталды.
Емхана дамуына қосқан үлесі үшін ШЖҚ «Павлодар қ. №3 емханасы» КМК басшысының Алғыс хаты:
1. Гүлзәт Сұнғатқызы Калиева, Атамекен к. ДА/ның ем-шара мейірбикесі;
2. Сайра Үркімбайқызы Кусманова, учаскелік мейірбике;
3. Алма Шаханайқызы Кисамединова, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің мейірбикесі;
4. Наталья Ростиславовна Алексеенко, хирургиялық кабинетінің мейірбикесі;
5. Алуа Бауыржанқызы Қуанышбаева, жалпы тәжірибе мейірбикесіне
табыс етілді.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және кәсіподақ қозғылысының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның алғыс хатымен:
1. Мәншүк Серикқызы Адильханова, №1 ОДО учаскелік мейірбикесі;
2. Бақытгүл Бакберқызы Танатова, №1 ОДО ем-шара мейірбикесі марапатталды.


You may also like...