Отбасы күні

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.🗓️
Отбасы 👨‍👩‍👧‍👦– сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.
Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді.🙌«Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған.👵🏻👨‍🦳👱‍♂️👩‍🦰👧👶
Сондықтан, мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!💞✨

В 2009 году Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике выступила с инициативой учредить праздник — День семьи.
В 2013 году 1 марта первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал указ о учреждении праздника и определил дату — каждое второе воскресенье сентября.🗓️
Цель праздника— в сохранении культурных ценностей, традиций и духовности. Торжество призвано помочь в воспитании подрастающих детей, чтобы они чтили семью, улучшении проблем с демографической точки зрения и в развитии общественного института в целом.👨‍👩‍👧‍👦
Праздник стал особенным в Казахстане, ведь народ чествует людей, составляющих семьи. Он олицетворяет признательности родителям, бабушкам и дедушкам, братьям и сестрам, а также другим людям — в том числе детям, которых он помогает воспитывать правильно — с оглядкой на взрослое поколение. 👵🏻👨‍🦳👩‍🦰👱‍♂️👧👶
Каждая из семей проводит его по-разному. Главное —провести время с родными, чтобы
укрепить узы семьи и насладиться обществом друг друга. 💞✨


You may also like...