Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.

1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бұл мереке1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.
📝2017 жылы ҚР премьер-министрі болған Бақытжан Сағынтаев Тілдер күнін 5-қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі.
🇰🇿Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өзге ұлт өкілдерінің тілінің дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді.
🗓️Бүгінде елімізде 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламасы да қазақ тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деңгейіне жетуіне бағытталған.
Алайда, қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағаймыз. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. 🙌


You may also like...