Отбасын дұрыс жоспарлау әйелдер мен балалардың денсаулығы үшін өте маңызды.
Себебі:
1️⃣тым ерте және тым кеш жүктіліктің алдын алады;
2️⃣жүктіліктер арасындағы интергенетикалық интервал деп аталатын, уақыт бойынша бөлінген бала туылуы таймингін (күнтізбесін) жоспарлауға мүмкіндік береді;
3️⃣балалардың жалпы санын шектейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтамасы бойынша «отбасын жоспарлау – бұл дені сау және күткен балалардың туылуы үшін ұрпақты болу функциясын бақылауды қамтамасыз ету». Сондықтан барлық жұптар ТЫМ ЕРТЕ немесе ТЫМ КЕШ жүктілікті алдын алу үшін балалы болудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері жөнінде хабардар болып, сақтанудың жолдарын білу аса маңызды.
Контрацепцияның түрлері:
✅Контрацепцияның табиғи әдістері. Олар мүмкін делінген ұрықтану мерзімдерін есепке алу және осы күндері жыныстық қатынастарды болдырмауға негізделген.
✅Механикалық әдіс, олар қолданылатын ерлер презервативтері, әйелдер қалпақшалары немесе жатыріші спиралдары.
✅Гормоналды контрацепция немесе пилюлялар мен таблеткалар (түймедақтар).