Мейірбикелер күні

Бүгін кезекті жұмыс кездесуі барысында «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-нің басшысы Арман Төлеусағиұлы Отарбеков Халықаралық медбикелер күніне орай емхананың медицина қызметкерлеріне «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының» РҚБ Павлодар облыстық филиалының құрмет грамоталарын табыстады.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін келесі қызметкерлер марапатталды:

1. Алтынгуль Вахитовна Ахмедьянова
2. Маржан Кожахметовна Жумагожина
3. Марина Болатовна Голышевская

Сонымен қатар Медициналық мекемелер арасында 52-ші кешенді қалалық спартакиада бағдарламасының қорытындысы бойынша 2 орынға ие болғаны үшін Павлодар қаласы №3 емханасының құрама командасы Павлодар қаласының әкімі Х.Хабылбековтың алғыс хатымен марапатталды.


You may also like...