ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК бақылау кеңесінің мүшелігіне конкурс жариялайды
«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 140000.
Павлодар қ., Астана қ., 59, анықтама үшін телефон (87182) 32-01-77, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №3 емханасы» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының бақылау кеңесінің мүшелігіне конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140013. Павлодар облысы, Павлодар қ., Украинская көш., 38/2, тел: 64-44-50.
Кәсіпорын қызметтің заты – Павлодар қаласының тұрғындарына белгіленген тәртіппен берілген және медициналық қызметтің бекітілген түрлерімен білікті көмек көрсету болып табылады.
Кәсіпорын қызметтің мақсаты – халыққа алғашқы медикалық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды орындау.
Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық профилі бойынша 5 жылдан кем емес тәжірибенің болуы;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық профилі бойынша басқару қызметінде 3 жылдан кем емес тәжірибенің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болып табылатындар; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық қатынаста болып отырған. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
конкурсқа қатысу туралы өтінім; мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; еркін формадағы өмірбаян; жоғары білім туралы құжаттардың көшірмесі, жеке кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімі берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмесі. Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары, т.б.) қосымша ақпаратты ұсына алады. Құжаттар мына мекен-жайы бойынша қабылданады: Павлодар қ., Астана қ., 59 – «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, тел. 32-01-77, облыс денсаулық сақтау басқармасы ұйымдарының заңгерлік жұмыс және құқықтық қызметті мониторингтеу бөлімі, № 417 кабинет, конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады және хабарландыру жариялау мерзімі өткеннен кейін аяқталады.
Конкурс Павлодар қ., Астана көш., 59, №417 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында, конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң өткізіледі.