Наурыз мейрамы: көктем мен жаңару мерекесі.

Наурыз мейрамы: көктем мен жаңару мерекесі.

2017 жылғы 17 наурыз күні емханамыздың шаңырағы астында Наурыз мейрамы аталып өтті. Дүбірлі мерекені емханамыздың клиникалық-диагностикалық бөлімі ұйымдастырды. Мерекенің бет ашары емханамыздың бас дәрігері Қайырлы Сартайұлының құттықтау сөзімен ашылды. Бұдан кейін қонаққа келген жүргізушілер той тізгінін қолдарына алып, мерекенің басталғанынын жариялады. Емхана қызметкерлері алқалы топ алдында өнерден де құр алақан емес екендігін байқатты. Тіпті өздерінің бүлдіршін балапандарын да ерте келіп, өнерлерімен қуантты.

Ал, дәлізде жайылған ақ дастархандағы ұлттық тағамдар Наурыз мейрамының көркін ашып, қызметкерлерімізді одан бетер қуантты.

Сөйтіп, Наурыз мерекесі тынымсыз еңбек етіп жатқан емханамыздың қызметкерлерінің айта жүретін қызықты мерекесіне айналды.

P1110348

P1110417

P1110432

P1110452


You may also like...