«Тазалық – саулық кепілі»

«Тазалық – саулық кепілі»

«Тазалық – саулық кепілі» деген аталы сөзді ардақтай білген Павлодар қалысының №3 емхана қызметкерлері қыркүйек айының әр сенбісін «Тазалық күні» деп белгілеуді әдетке айналдырған болатын. Бұл айдың соңғы 30-жұлдызында да сенбілік ұйымдастырылды. «Жұмыла көтерген жүктің жеңіл» болатындығы белгілі. Емхана аумағын қоқыс пен қураған өсімдіктерден тазартқан қызметкерлерге күннің ызғары кедергі болмады. Еңбекке білек сыбана кіріскен медицина қызметкерлері аз уақыт ішінде емхана маңайын тазартып, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.

20171004_120720

IMG-20171002-WA0008


You may also like...