Медициналық қызметкерлерге арналған семинар

Медициналық қызметкерлерге арналған семинар

Білім сапасын арттыру және ҚР ДСМ бұйрықтарына енгізілген өзгертулермен таныстыру мақсатында ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті. Іс-шара барысында екі тақырып таныстырылды. «Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы» тақырыбына бірінші баяндамамен дәрігер-терапевт Л.К. Исабекова сөз сөйледі. Келесі сөзді «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы25 желтоқсандағы №995 бұйрық» тақырыбымен алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі А.М. Рақышев алды.

P1140340

P1140338


You may also like...