29 қазан инсульт күні!

Өткізілетін іс-шаралар аясында инсульттің алдын алу мақсатында 29.10.18 жылы ШЖҚ «Павлодар қ. № 3 емханасы» КМК емхана қызметкерлері студенттер мен ересектерге аурудың алғашқы белгілері, осы симптомдар пайда болған кездегі іс-әрекеттер алгоритмі туралы сұрақ қою арқылы семинар өткізді. Павлодар техникалық колледжінің студенттері мен қызметкерлері «Инсульттің алдын алу» ұранымен байқауға белсене қатысты, жеңімпазға ынталандыру сыйлығы берілді. Колледж әкімшілігі танымдық семинар үшін алғысын білдірді, өйткені әрбір адам инсульт дегеніміз не екенін және емделушіге алғашқы көмек көрсету үшін қандай шаралар қолдану керектігін білуі тиіс, себебі алғашқы симптомдарды анықтау кезінде,  атап айтқанда алғашқы 3 сағатта уақтылы емдеуге жатқызу ең тиімді болып табылады.

20181023_101034

20181023_102205

20181023_101309

20181023_101102


You may also like...