Мойылды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы
Енді тұрғындарға Павлодар қаласына дәрігердің қабылдауына барудың қажеті жоқ. Ескіні жөндеп әуреге түскен жоқ, дәрігерлер үшін жаңа ғимарат салынды. Бұрын Мойылды ауылында бір ғана шағын фельдшерлік кабинет болған. Жеке пункттің ашылуымен көп жылдық мәселе шешілді. Қарау кабинеті, егу кабинеті, емшара кабинеті және оқшаулау бөлмесі жасалды, яғни енді алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Біз қабылдаймыз, ем тағайындаймыз, анықтама жазып береміз, қаладағы учаскелік терапевт жасайтынның барлығын жасаймыз, — дейді Мойылды ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінің аға фельдшері Лариса Безгодова. Пункттің құрылысына 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыстық бюджет. Мұнда дәрігер, екі фельдшер мен мейірбике жұмыс істейді. Олар қаладан барады. Қабылдауға “Damumed”бағдарламасы арқылы да жазылуға болады. Оны қала маңындағы ауылдың орталығында салған, сондықтан жету ыңғайлы.