Мекенжай анықтамаларын алып тастау

Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» алынып тасталады!2019 жылғы 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасын Қоғамның филиалдары арқылы да, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да алуға болмайды. Қажет болған жағдайда сіз порталдағы жеке кабинетте немесе е-Gov mobile қосымшасы арқылы өзіңіздің тіркелу орныңызды тексере аласыз. Мемлекеттік органдар осы ақпаратқа ІІМ деректер базасымен біріктірілген өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы қол жеткізе алады. Басқа ұйымдар, соның ішінде азаматты тіркеу туралы ақпарат қажет болуы мүмкін жеке компаниялар оны порталдағы «Үшінші тұлғаның анықтама алуы» сервисі арқылы ала алады. Егер бұған азамат өзінің тіркелуі туралы мәліметтерді бір рет алуға СМС арқылы келісімін берсе ғана болуы мүмкін болады. СМС алу үшін міндетті шарт ұялы азаматтар базасында сіздің телефоныңызды тіркеу болып табылады. Мобильдік азаматтар базасында тіркеуді дербес порталдағы жеке кабинетте жүзеге асыруға немесе кез келген жақын фронт-кеңсеге жүгінуге болады. Ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) 2019 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданды.

 

 


You may also like...