Вакцинация

Қазақстан Республикасында 2019 жылдың 17 қыркүйегінен бастап 20-29 жас аралығындағы қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау бойынша Компания басталды. Қазіргі уақытта Павлодар қаласының №3 емханасында 7797 адам егілді. Компанияның мақсатты тобы 20-29 жастағы тұлғалар болғанына қарамастан, қалаулары бойынша 30 жастан асқан адамдар егілді. Қызылша-адамнан адамға берілетін ауру. Инфекцияның көзі – науқас адам. Қызылша вирусы ағзаға түскеннен кейін инкубациялық кезең 10 күнге дейін созылады. Қызылшадан қорғаудың бірден-бір тиімді шарасы вакцинация екенін есте сақтау қажет. Дене қызуының жоғарылауы, катаральды құбылыстар (жөтел, мұрын, тамақтың ауруы) және денедегі бөртпелер сияқты симптомдар пайда болған жағдайда уақытылы диагностикалау, емдеу және асқынуларға жол бермеу мақсатында дәрігерге бару қажет. Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті екенін есте сақтаған жөн, олар медициналық көмекке кеш жүгінген және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта біздің емханада қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау компаниясы аяқталды. Бүгінгі күні бекітілген халықты тұмауға қарсы егу жалғасуда. Барлықтарыңызды мына мекенжай бойынша шақырамыз: Украинская көш, 38/2.

943ca623-9ded-44da-9a27-e8429775d88a

 

 


You may also like...