А.Цой БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісімен кездесу өткізді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушілері Микаэла Фриберг-Стори ханыммен онлайн-кездесу өткізді. Кездесудің негізгі себебі БҰҰ-ның ҚР-дағы қызметімен танысу және БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік бағдарламасының негізгі бағыттарын ұсыну болды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 20 тамызда Қазақстан мен БҰҰ арасында 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму мақсатындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы Қазақстан мен БҰҰ-ның алдағы 5 жылға арналған бірлескен қызметінің негізгі құжаты болады. Ол үш бағыт бойынша жұмысты қамтиды: адами даму және тең қатысу; тиімді институттар, адам құқықтары және гендерлік теңдік; орнықты қоршаған орта және инклюзивті экономикалық даму. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ТДМ шеңберінде Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез-келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа жәрдемдесу мақсаты бекітілді. «Осы мақсат аясында халықтың денсаулығын жақсарту, өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз ету және елде өмір сүру ұзақтығын арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтауды қаржыландыруды жақсарту және денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту бойынша бірқатар ұзақ мерзімді міндеттер айқындалды», – деп атап өтті А.Цой. Министр жалпы Қазақстан Республикасында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Бағдарламаның негізгі басымдықтары мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын айтарлықтай жаңарту болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2026 жылға дейін қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді; мерзімінен бұрын өлім-жітім қаупінің деңгейі 15,43% – ға дейін төмендейді және негізгі көрсеткіштер бойынша халықтың денсаулық жағдайы жақсарады. Сонымен қатар, өлімнің негізгі себептері бойынша жүйелі жоспарлы жұмыс жүргізілуде, төртінші жылы тиісті үйлестіру кеңестері жұмыс істейді. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі жедел жоспарлар және т. б. іске асырылуда. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 17 есе азайды. 2019 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 195,9-дан 173,5-ке дейін төмендегені байқалады. 2020 жылы туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 21,7% – ға төмендеді, ол 2019 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 45,6-ға қарағанда 35,7-ні құрады, ал туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 5,0% – ға төмендеді және 2019 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 2,0-ға қарағанда 1,9-ды құрады. Тиісінше, туберкулезден қайтыс болғандардың абсолюттік санының 20 адамға шаққанда 2019 жылғы 378 адамнан 2020 жылы 358-ге дейін төмендегені байқалады. Кездесу қорытындысы бойынша А.Цой Микажле Фриберг-Стори ханымға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы БҰҰ командасымен Денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тиімді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді, БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік бағдарламасының ұсынылған жобасы үшін алғысын білдірді және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы БҰҰ ұйымдары, атап айтқанда ДДҰ және ЮНИСЕФ тарапынан техникалық және консультативтік көмекті одан әрі көрсетуге мүдделілік білдірді


You may also like...