Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудник мемлекет басшысының Павлодар облысында денсаулық сақтау мәселелері бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Бүгін, 21 желтоқсан күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудниктің қатысуымен жиын өтті.
Вице-министр Мемлекет басшысының Павлодар облысында денсаулық сақтау мәселелері бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту
3. Ауыл халқының денсаулығы
4. Ана мен бала денсаулығы
5. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар
6. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуы
7. МӘМС енгізу
8. Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі міндеттері

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Осыған байланысты, Дудник В.Ю., бүгінгі күні облыс бойынша 13 назологияның, оның ішінде COVID-19, ротовирустар, токсоплазмоз, лептоспироз ауруы төмендегенін айтты. КВИ-ға қарсы ревакцинациядан облыс тұрғындарының 62%, яғни 180 мың адам өтті.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін МСАК қолжетімділігін арттыру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуді көздейтін амбулаториялық негізде мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді.
Күдікті онкологиялық және гематологиялық ауруларды тексеруді және емдеуді жеделдету үшін «жасыл дәліз» енгізілді Оның аясында онкологиялық ауруға күдікті науқастар 18 жұмыс күні ішінде толық тексеруден өтетін болады (зертханалық зерттеулер, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ және эндоскопия).
Сонымен қатар, 2025 жылға дейін облыста 30 амбулаториялық-емханалық мекеменің құрылысы қарастырылады. Оның ішінде 23 фельдшерлік пункт, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дәрігерлік амбулатория.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған Сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Биыл облыс бойынша 290 әйел ЭКО жасауға квота алса, оның 112-сі жүкті болып, 105 бала дүниеге келген.
Вице-министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және фармацевтика саласын дамытуға бөлінген қаражаттың ауқымдылығын атап өтті. Биылғы жылы дәрі-дәрмекті сатып алу 9,8 млрд теңгені, аурухана деңгейінде 8,9 млрд теңгені құрады.
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі – медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі. Бүгінгі күні Павлодар облысында 7359 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 2 мыңы дәрігерлер. 2022 жылы облысқа 112 түлек келіп, оның 17-сі ауылға жолдама алды.


Сегодня, 21 декабря, в Доме Дружбы состоялась встреча с участием вице-министра здравоохранения РК Дудником Вячеславом Юрьевичем.
Вице-министр доложил о ходе исполнения поручений Главы государства по вопросам здравоохранения в Павлодарской области. В ходе встречи были рассмотрены следующие вопросы:
1.Санитарно-эпидемиологическое благополучием населения
2.Совершенствование оказания первично медико- санитарной помощи
3.Сельское здравоохранение
4.Охрана здоровья матери и ребенка
5.Кадровые ресурсы здравоохранения
6.Лекарственное обеспечение и развитие фармацевтической промышлености
7.Реализация ОСМС
8.Основные задачи МЗ
Главой государства был дан ряд поручений, направленных на стабилизацию эпидемиологической ситуации в стране. Так, Дудник В.Ю., сообщил, что в настоящее время в области снижена заболеваемость по 13 назологиям в том числе COVID-19, ротовирусы, токсоплазмоз, лептоспироз. Ревакцинацию против КВИ получили 180 тыс. человек, что составило 62%.
Для кардинального пересмотра подходов к организации первичной медицинской помощи утвержден План мероприятий по улучшению доступности ПМСП на 2021-2025г. Утверждены Правила оказания специализированной медицинской помощи в амбулаторных условиях, в которых предусмотрено оказание консультативно-диагностических услуг без направления врача общей практики.
Для ускорения обследования и лечения при подозрении на онкологические и гематологические болезни внедрен «зеленый коридор», в рамках которого пациенты с подозрением на онкологическое заболевание консультируются и обследуются в течение 18 рабочих дней (лабораторные исследования, УЗИ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, а также эндоскопия).
Наряду с этим к 2025 году в области будет обеспечено строительство 30 объектов амбулаторно-поликлинической помощи. Из них 23 медицинских пунктов, 5 фельдшерско-акушерских пунктов, 2 врачебной амбулатории.
С 2021 года по поручению Президента РК запущена специальная программа «Аңсаған сәби». В текущем году квоту на ЭКО получило 290 женщин области, из них забеременели – 112, родилось – 105 детей.
Вице министр отметил большой объем средств выделяемый на лекарственное обеспечение и развитие фармацевтической промышленности. Так в этом году закуп АЛО составил 9,8 млрд. тенге, на уровне стационара 8,9 млрд. тенге.
Одним из важных вопросов здравоохранения является обеспеченность врачебными кадрами. На сегодняшний день в Павлодарской области трудится 7359 медицинских работников, из низ 2 тыс. врачи. В 2022 году в область направлено 112 выпускников, из них 17 человек в село.


Читайте также:

Accessibility