Емханада Наурыз мейрамы атап өтілді
Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы. Қазақ халқы да жыл басы мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап жатады.
Ұлыстың ұлы күніне орай емханамызда мерекелік шара ұйымдастырылды. Медициналық бөлімшелер арасында қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетуден сайыс ұйымдастырылды.
Барлығы 8 команда құралған еді.
Сайыс дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға, ұжымды біріктіріп, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында өткізілді.
Жарысқа түскен командалардың дайындықтары бірінен- бірі асып жатты. Медициналық қызметкерлердің бәрі актерлік шеберлік танытып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Алайда, қазылар алқасының шешімі бойынша «Құда түсу» рәсімін көрсеткен алдын алу және психологиялық-әлеуметтік бөлімше қызметкерлері топ жарып үздік атанды.
«Беташар» дәстүрінің қойылымын дайындаған №2 Отбасылық денсаулық орталығы бөлімшесі 1-ші орынға ие болды.
2-ші орынды «Тұсау кесер» дәстүрімен №1 Отбасылық денсаулық орталығы бөлімшесінің қызметкерлері иемденді.
«Бесікке бөлеу» дәстүрін көрсеткен Әйелдер консультациясы үшінші орынды қанжығасына байлады.
Емхана кәсіподағы атынан командалардың бәріне қаржылай сыйлықтар табысталды.