МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН-АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР:


1. Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өнделгеннен кейін ғана беріледі.
2. Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді.
3. Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік .корпорациясы» КЕАК-қа жүгіну арқылы қайтарып
ала аласыз
4. Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын-ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.
5. Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-
ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және науқасқа келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу
қажет.
6. Егер төлем алдағы 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда да мәртебе берілмейді.
7. 2023 жылы дербес төлеушілер ай сайын 3500 теңге төлейді. Бұл АЕК 5%.
8. Егер 2022 жылы 2023 жылдың айларымен қоса
бір жылға алдын-ала 3000 теңге көлемінде төлем жасалса, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.


Читайте также:

Accessibility