«Алкогольге жоқ деп айт!» акциясы
«Алкогольге жоқ деп айт!» акциясы
26.10.2016
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтер бойынша дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы аурулар мен мезгілсіз өлімнің себепкері ретінде алкоголь, темекінің қатынасын озып, үшінші орынды алып отыр. Ішімдікті қолданудың зардабы туралы халықты ақпараттандыру және ішімдікке деген жағымсыз көзқарас қалыптастыру мақсатында біздің емханамызда «Алкогольге жоқ деп айт!» атты акция өтті. Аталмыш акция аясында штаттық психологтар емделушілердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, ішімдіктің зардабы туралы ақпараттық қағаздар таратты.