«Алма» сауда үйіндегі акция.
«Алма» сауда үйіндегі акция.
Салауатты өмір салты мен қызмет көрсетілетін халықтың денсаулығын сақтауды насихаттау мақсатында әрбір жұма күні “Алма” сауда үйінде артериялық қан қысымын және дене салмағының индексін өлшеумен алдын-алу ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізіледі. Осы іс-шараға халық белсенді түрде қатысады. Әрбір қатысушыға салауатты өмір салтын дұрыс жүргізу туралы егжей-тегжейлі ұсыныстар беріледі және міндетті түрде скринингтен, денсаулық мектебінен өтуге шақыру алады. Акцияны өткізумен ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК алдын алу бөлімінің қызметкерлері және сондай-ақ «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС өкілдері айналысады.