Ашық есіктер күні

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 426 қаулысына сәйкес мамыр айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Аналар күні атап өтіледі.
🏥Аналар күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-да әйелдер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерді репродуктивті денсаулық пен сау жүктілік мәселелері жайында кеңінен ақпараттандыру.
👩‍⚕️Бүгін әйелдер консультациясы бөлімшесінің акушер-гинекологтары пациенттерді алдын-ала жазылусыз қабылдап отырды. Барлық 10-ға жуық әйел тексеріліп, кеңес алды. Денсаулық жағдайы дәрігерлерді алаңдатқан науқастарға тексерілуге ​​жолдама беріліп, емдеу курсы тағайындалды. 💉Енді оларды өз учаскелері бойынша акушер-гинеколог бақылайтын болады👩‍⚕️
Емхананың 1-ші қабатында алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлері пациенттерге репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары туралы ақпарат беретін брошюралар таратты.
‼️Сондай-ақ, медицина қызметкерлер, пациенттерге, әрбір әйел жарты жылда бір рет профилактикалық тексеруден өтуі керектігін еске салды.


You may also like...