А. Цой Үкіметті КВИ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуал туралы хабардар етті.
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті және 2021 жылғы қыркүйек – қарашаға арналған жаңа болжамды жариялады. 24 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 748 851 науқас және КВИ-мен 67 870 жағдай тіркелген. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер қызыл аймақта орналасқан. «Соңғы екі апта ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайларының саны біртіндеп төмендегені байқалады. Соңғы екі аптада ауру деңгейі 10%-ға төмендеді. 1 тамыздан бастап ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралу индексі 1,11-ден 0,93-ке дейін 1,2 есеге төмендеді», – деді А.Цой. 24 тамыздағы жағдай бойынша инфекциялық төсек-орындардың 49%-ын, реанимациялық төсек-орындардың 46%-ын құрайды. Соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің жүктемесі 12%-ға төмендеді, төсектермен жоғары қамтылу Ақтөбе облысында – 68%, Алматы қаласында – 61% және Алматы облысында – 59% байқалады. Қазақстанда халықты КВИ – ға қарсы вакцинациялау жалғасуда, бүгінгі күні бірінші компонентпен 6,4 млн.адам егілді, қатысты халықты қамту 64% – ды құрады, екінші компонентпен-50% – ды қамти отырып, 5,0 млн. астам адам қамтылды. Ең көп қамту 9 өңірде: Шымкент, Алматы, Нұрсұлтан қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Атырау облыстарында байқалады. Бірінші дозамен вакцинациялаумен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында – 38% байқалады. «Сырқаттанушылықты талдаудың КВИ ауыр ағымы бар науқастар мен науқастардың негізгі үлесі вакцинацияланбаған халыққа тиесілі екенін көрсетті. Мәселен, 1 ақпаннан бастап тіркелген КВИ-мен ауыратын науқастардың салыстырмалы салмағы 97,5% – ды құрайды, ал вакцинацияланған азаматтардың тек 2,5% – ы ауырып қалды. Осыған ұқсас жағдай КВИ ауыр ағымымен де қалыптасып отыр, онда реанимациядағы және өкпені жасанды желдетудегі 95%-ы вакцинацияланбағандарға да келеді. Ұсынылған деректер вакцинацияның тиімділігін тағы да айқын көрсетеді», – деп атап өтті А.Цой. Сонымен қатар, Министрлік коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын қараша айына дейін жаңартты. Мәселен, пессимистік сценарийде тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны қыркүйек айында 6 300-ге дейін, қазан айында 2 400-ге дейін болады. Нақты сценарий бойынша, қыркүйекте – 5 300 жағдайға дейін, қазан айында – 1 800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарийде: қыркүйекте 4 200 жағдайға дейін, қазанда – тәулігіне 1 300 жағдайға дейін. А. Цой халыққа тағы да үндеу тастап, осы уақытқа дейін вакцинацияланбаған азаматтарды вакцинацияның пайдасына дұрыс шешім қабылдауға шақырды. Өйткені, бұл барлығына өз денсаулығын ғана емес, жақындары мен әріптестерінің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.